RU

Ұлттық банк төрағасы қаржы жүйесін мұнай бағасы қалай құбылса да тұрақты ете алатынына сенімді

Қазақстанның халықаралық резервтері, оның ішінде алтын-валюта резерві мен ұлттық қор активтері елдегі қаржы жүйесін мұнай бағасы қалай құбылса да тұрақты ете алады деп мәлімдеді ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық банк бұған дейін 2015 жылдың соңында ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен ұлттық қордың активтері 91,6 милилард долларды құрайтынын хабарлаған деп жазады Азаттық.

Ақышевтің сөзіне қарағанда, аталған резервтер мен активтер жалпы ішкі өнімнің 50 пайызына жетеді.

Қазақстан экспортқа шығаратын негізгі шикізат - мұнай бағасы соңғы айларда үздіксіз құлдырап, барреліне 28 долларға дейін арзандады. Мұнай бағасының арзандауымен бірге теңге де құнсызданып жатыр. Теңге еркін айналымға жіберілген өткен жылдың тамыз айынан бері өз құнынан 100 пайыздан көп қымбаттады.

Сонымен қатар төраға 2015 жылы Ұлттық банктің валюта нарығына жасаған интервенцция көлемі $17,7 млрд болды, деп мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020728-ulttyq-bank-toraghasy-qarzhy-zhuyesin-mu.html