RU

Қазақстанда дағдарыс салдарынан түрлі кәсіпорындардың 13 мыңдай қызметкері жұмысынан айырылып қалған

2015 жылы дағдарыс салдарынан түрлі кәсіпорындардың 13 мыңдай қызметкер жұмысынан айырылған, деп мәлім етті Қазақстанның кәсіпкерлер одағы федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсаинов.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Бүгінгі таңда дағдарыс кезеңінде 13 мыңдай (қызметкер – ҚазТАГ) жұмысынан айырылған», - деді ол бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте ол қазіргі таңда 75 мың меморандумға қол қойылғанын атап өтті, ол меморандумдарда кәсіподақ, жұмыс беруші және жергілікті атқарушы орган жұмыс орындарын сақтау және жалақыларын уақытылы төлеу туралы келісімге келген.

«Бұл кәсіпорындарда, (жұмыстан шығару – ҚазТАГ) азайтылды, ал осындай меморандумдар жасалмағандары, кешіріңіз, біз олар үшін жауап бермейміз», - деп аяқтады сөзін федерация төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020739-qazaqstanda-daghdarys-saldarynan-tur.html