RU

Ақтөбеде жолсерік жолаушыны сабап, омыртқасын сындырды

Қызылорда облысы Шиелі ауылының 37 жастағы тұрғыны өзін сабаған жолсерікті жазалауды сұрап полицияға арыз түсірді деп хабарлайды aktobetimes басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға 12 қаңтарда Шалқар теміржол стансасында болған. Алайда таяқ жеген тұрғын 2 күн өткен соң ғана құзырлы органға шағым жазды.

Жәбірленушінің сөзінше, Мағыстау-Алматы жүрдек пойызының  №13 вагонында белгісіз жолсерік оны аямай соққыға жыққан.

Салдарынан жолаушының денсаулығына айтарлықтай зиян келіпті. Таяқ жеген қызылордалық тұрғынның сөзін дәрігерлерде растап, оны ауруханаға жатқызды.

Ақхалаттылардың сөзінше, емделушінің арқа омыртқасы сынып, сол көзі жараланған. Әзірге төбелестің неден шыққаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020785-aqtobede-zholserik-zholaushyny-sabap-om.html