RU

Иордания патшайымы Charlie Hebdo-дың ақылға қонымсыз карикатурасына жауап берді

Иордания патшайымы Рания әл-Абдулла әлемді шулатқан Charlie Hebdo жариялаған кезекті суретке қатысты өз жауабын берді, деп хабарлайды baq.kz.

Айта кетсек, француз журналында Еуропа елдерінің босқындарға есік ашуына себеп болған Жерорта теңізінде отбасымен суға кетіп, Түркия жағалауынан табылған 3 жасар Айлана Курдидің карикатура суреттері жарияланған болатын.

Charlie Hebdo қызметкерлері сәбидің суретінен оның тірі қалған жағдайда Германияда әйелдерге зорлық қылғандардың бірі болады деген ақылға сыйымсыз карикатура жасаған.

Иордания патшайымы бұл жағдайға бей-жай қарамай, жауабын суретпен жария етті. Ол өз суретінде суға кетіп қаза болған Айлананы дәрігердің бейнесінде берді. Сонымен қатар, суретке үш жасар балғынның тірі болса дәрігер, мұғалім немесе мейірімді әке болады деген анықтама берді.

Рания әл-Абдулла туынды идеясына ғана автор екенін, суреттің өзін таныс суретшісі салып бергенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020900-iordaniya-patshayymy-charlie-hebdo-dynh-aqylgha-qony.html