RU

Қытайлық мұз толтырылған жәшікте отырып шахмат ойнады (фото)

Қытайда мұз толтырылған жәшікте отырып шахмат ойнаған қытай жұртшылықты таңырқатты деп хабарлайды 24.kz.

Қытайдың Ханьдань қаласында суық суға түсу мерекесі атап өтілді. Оған осы аймаққа танымал суық суға түскіш Цуй Дэи келген болатын. «Морж адам» атанған Цуй Дэи бұл жолы үстіне 60 шелек су құйды.

Ал ең қызығы, ол мұз толтыра салынған жәшіктің ішінде 1 сағат бойы отырып, мерекеге келушілермен шахмат ойнады. Метеорологтардың айтуынша, сол күні сынап бағанасы нөл градусқа жуық болған екен, деп жазады cri.cn.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021284-qytaylyq-muz-toltyrylghan-zhashikte-bir.html