RU

Бас санитар дәрігер тұмаумен ауырмаудың құпиясымен бөлісті

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін жыл сайын тиісті вакцинациядан өтіп тұратындықтан, тұмаумен ауырмайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар дәрігердің өзі айтты деп жазады munara.kz.

"Мен шынын айтқанда жыл сайын вакцинациядан өтемін. Кейінгі он бес жылда міндетті түрде вакцинация жасатамын. Отбасымды да вакцинациядан өткіземін. Тұмаумен соңғы рет қашан ауырғаным есімде жоқ", – деген бас санитар дәрігер халықты тұрақты түрде вакцинация қабылдап тұруға шақырды.

Оның айтуынша, қазіргі эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) және тұмау бойынша жағдай тұрақты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылардың саны 13 пайызға азайған. Ауырған адамдардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Биылғы жылы тұмауға шалдыққан бір адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021294-bas-sanitarlyq-dariger-tumaumen-auyr.html