RU

Сиви Махмуди көйлектерін сатуға кірісіп кетті (фото)

Сиви Махмуди барлық брендтік көйлектерін қол жетімді бағада сатып жатыр. Сонымен қатар әр сатып алушыны әнші өзі қабылдап, көйлек таңдауға көмек беруде.

Бағалары 300 мың - 600 мың теңге аралығында тұратын көйлектер енді небәрі 7 мыңнан басталып, 150 мың теңгеге дейін сатылуда. Бұған елдегі дағдарыс емес, Сивидің қайырымдылық жасау пейілі себеп болған, деп жазады baistars.kz.

Көйлектер мен түрлі аксессуарларды сатудан түскен қаржыны Сиви Гүлнұр есімді көп балалы отбасынан шыққан, өз еркімен тұрып жүре алмайтын жас қызға көмектеспек ниетте.

Қайырымдылықтың алғашқы күнінде Сиви Махмуди Гұлнұрдың өзін арнайы шақыртып тез арада аяғыңа тік тұрып, ұзатыл деген ырыммен ақ көйлекті сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021327-sivi-makhmudi-koylekterin-satugha-kiri.html