RU

Билікте қартаю

АҚШ президенті Барак Обама жолдау жасаған кезде көпшілік оның билікте отырған жеті жыл ішінде біршама қартайып кеткенін байқады. Әлеуметтік желіде қандай саясаткерлердің тез қартаятыны туралы пікіталастар болды. Кейбір сарапшылар бұл сауалға жауап жоқ екенін айтады.

Алайда саясаткерлердің архив суреттеріне қарап, олардың қалай өзгергенін көруге болады. Бұл фотокөрмеде кейбір саясаткерлердің билікке келген кезіндегі және қазіргі суреттері жинақталған деп жазады Азаттық.

Сирия президенті Башар Асадтың 2000 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы суреттері.

Ресей президенті Владимир Путиннің 2000 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы суреті.

Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің 1975 жылғы (сол жақта) және 2009 жылғы суреті.

Ангела Меркель 2005 жылы өзінің Германия канцлері ретіндегі алғашқы жаңажылдық құттықтауын жолдап отыр (сол жақта). Оң жақта - Ангела Меркельдің қазіргі фотосы.

АҚШ президенті Барак Обама. Сол жақта - 2009 жылғы фотографиясы, сол жақта - 2016 жылғы суреті.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың 1994 жылы (сол жақта) және 2015 жылы түскен суреттері.

Кубаның бұрынғы көсемі Фидель Кастроның 1961 жылғы (сол жақта) және 2010 жылғы суреттері.

Түркия лидері Режеп Тайып Ердоғанның 2003 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы фотографиялары.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның 2010 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы суреттері.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің 1997 жылғы (сол жақта) және 2007 жылғы суреттері

Елизавета II ханшайымның 1953 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы суреттері.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы (сол жақта) және 2015 жылғы фотографиялары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021366-bilikte-qartayu.html