RU

Оңтүстік Африкада қарт әйел бес немересінің өлігін мұздатқыштан тауып алды

Оңтүстік Африка Республикасының Какамас қаласында тұратын қарт әйел бес бірдей немересінің өлігін бұзылып қалған мұздатқыш камерасынан тапты.

Бұл туралы CNN телеарнасы берген мәліметке сүйенген ras.kz хабарлады.

Полицияның мәліметі бойынша, бір үйдің жастары үштен жетіге дейінгі аралықтағы балалары аулада ойнап жүріп, сонда бұзылып тұрған мұздатқыштың камерасына кіреді. Олар ойнап жатқанда есік жабылып қалады да, іштен ашылмай қояды. Осыдан кейін балалардың бірде-біріне сыртқа тірі шығуды жазбапты.

Тергеушілер балалардың өлімі тұншығып қалудан болғанын айтып отыр. Сәбилер өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жергілікті БАҚ-тар арқылы ата-аналардан кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021692-onhtustik-afrikada-qart-ayel-bes-nemer.html