RU

Ғалымдар: кокаиннің кесірінен мидың жасушалары өздерін іштей жеп қояды

Ғалымдардың кокаинге қатысты жүргізген зерттеулер нәтижесі белгілі болды. Бұл тәжірибеге кеміргіштер қатыстырылған деп жазады 24.kz.

Оның барысында көп мөлшерде қолданылған кокаиннің кесірінен аутофагия құбылысы жүретіні анықталды. Қарапайым тілмен айтқанда, мидың жасушалары өздерін іштей жеп, соның салдарынан жойылып кетеді, деп жазады The Daily Star.

Зерттеу авторларының айтуынша, жалпы ми жасушасының іші үнемі қоқыстанады. Ал аутофагия болса, оны тазалауға көмектеседі. Бірақ, кокаинге елірген кезде бұл құбылыс ұзақ және екпінді жүріп, ми жасушасындағы қоқысты тазартып ғана қоймай, оның өзін де жойып жібереді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021708-ghalymdar-kokainninh-kesirinen-midynh-zh.html