RU

Әлеуметтік желіде балаларының суретін жиі жариялайтын жұлдыздар (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың кейбірі отбасылық өмірін сырт көзден тысқары ұстаса, енді біреулері ұл-қыздарының қылығына сүйсініп, бүлдіршіндерінің суретімен бөлісіп жатады. NUR.KZ отандық өнер өкілдерінің сүйкімді балаларын  назарларыңызға ұсынады.

Сәкен Майғазиев

Жақында ғана үшінші рет әке атанған Сәкен Майғазиевтің үлкен қызы Раяна да бүгінде өсіп қалған.

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова да ұлының суретін әлеуметтік желіде жиі жариялайды. Әншінің баласы бірден асты.

Қарақат Әбілдина

Қарақат пен Қыдырәлінің үлкен ұлы Бекболат ержетіп, бос уақытында футбол ойнайды. Жұлдызды жұптың ұлын көрген тыңдармандар Бекболаттың әкесінен айнымайтынын айтады.

Қарақат өзге бүлдіршіндерін де жиі суретке салады.

Айгүл Мүкей

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей де ұлы Асанәлінің әр қылығын қызықтап, жазылушыларымен бөлісіп отырады.

Бүркіт

Әнші Бүркіт үлкен ұлы Зейінмен көп уақытын өткізетінін жиі айтып жүр.

Алан Черкасов

Өткен жылдың соңына таман әке атанған танымал тележүргізуші Алан Черкасов та әлеуметтік желіге сәбиінің бейнесін жүктеді.

Әнел Арынова

Әншінің ұлының есімі - Ғали Имран. Енді Әнел жеке парақшасын баласының суреттерімен толтырып қойған.

Мұрат Мұтырғанов

Мұрат Мұтырғанов ұлы Майклдың атынан жеке Instagram парақшасын ашып қойған.

Алмас Кішкенбаев

Әнші Алмас Кішкенбаев екі қыздың әкесі. Үлкен қызымен суретке түскенді жақсы көретін Кішкенбаевтың суреттерінен желі қолданушылары бүлдіршіннің сүйкімді екенін байқаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021772-otandyq-zhuldyzdardynh-zhas-oskin-balal.html