RU

Әзірбайжанда президенттің әйелі "Жыл адамы" атанды

Әзірбайжанның ұлттық батыры Чингиз Мустафаев қоры мен ANS компаниялар тобы елдің бірінші ханымы, Гейдар Әлиев қорының президенті, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО-ның ізгі ниет елшісі, депутат Мехрибан Әлиеваны «Жыл адамы-2015» деп жариялады.

Бұл туралы Day.Az дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Әзірбайжанның бірінші ханымы мұндай жоғары атаққа өткен жылы Бакуде өткен бірінші Еуропа ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, әзірбайжан және әлем мәдениетінің өзара интеграциясын дамыту бағытындағы жұмыстары, елде мультикультурализм мен қайырымдылық іс-әрекетін жалғастырғаны үшін ие болды.

Ұлттық батыр Чингиз Мустафаев қоры Мехрибан Әлиеваны 2005 жылы да «Жыл адамы" деп таныған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021813-azirbayzhanda-prezidenttinh-ayeli-zhyl.html