RU

Қарсыласын қасақана ұрған қазақ хоккейшісі спорттан өмір бойына аластатылуы мүмкін (видео)

Астаналық "Барыстың" ойыншысы Дамир Рыспаев кешегі "Авангардпен" болған кездесуден кейін дау5а қалды. Айдынға тек төбелесу үшін шығатын Дамир аталған матчта жерде жатқан хоккейшіні қасақана ұрғаны үшін ойыннан қуылған болатын деп хабарлайды sn.kz.

Енді оны ҚХЛ өмірінің соңына дейін кәсіпқой спортқа жолатпауы мүмкін деп жазады "Советский Спорт" газеті.

Ойынның 35 минутында Рыспаев қарсылас команданың ойыншысы Михал Кемпниді алдымен шалып құлатып, кейін жерде жатқан жерінде бірнеше рет ұрған. Төрешілер оны төбелесті бастағаны үшін ойыннан қуғанымен, бұл шешім қайта қаралуы мүмкін. Өйткені, хоккей ережесінде төбелеске дайын емес және қорғансыз ойыншыны ұруға қатаң тыйым салынған.

Ресейлік басылымның жазуынша, "Барыс" бапкері Андрей Назаров ойынның дәл ортасында Рыспаевты алаңға төбелесу үшін әдейі шығарған. Өйткені, бұл уақытта астаналық команда 1:5 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Бас бапкер ойын барысына түбегейлі өзгеріс енгізу үшін осындай қадамға барды дейді орыс журналистері.

Спорт сарапшыларының пікірінше, Дамир Рыспаев хоккей этикетін бұзған, сондықтан ҚХЛ оны өмір бойы хоккейден аластатуы әбден мүмкін.

Ал, "Авангардпен" болған осынау кездесуде "Барыс" 2:7 есебімен ойсырай жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021885-qarsylasyn-qasaqana-urghan-qazaq-khokk.html