RU

Қағазға қарамай-ақ баяндама жасаған Түркістан әкімі тұрғындардан алғыс алды

ОҚО-да қала әкімінің бір сағат бойы қағазға қарамай баяндама жасауы көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуін бастап кетті.

Әдеттегідей атқарылған жұмыстарды саралаудан бастаған ол өз есебін өзге әріптестері секілді қолындағы ақ қағазға қарап, судырлатып оқып шыққан жоқ. Баяндама бір сағатқа созылған.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды ақ параққа қарамастан бүге-шүгесіне дейін талдап берген ол осылайша кездесуге келушілердің таңданысын тудырды.

Тіпті жиынға қатысқан облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Д.Маннатов әкімнің бұл әрекетіне «5» дегеннен де жоғары баға ұсынатынын айтып, Өсербаевты нағыз істің адамы деп пікірін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021931-qaghazgha-qaramay-aq-bayandama-zhasaghan-t.html