RU

Мәсімов: Алдағы бір-екі аптада теңге бағамы тұрақталады

Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

"Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындадық, енді жақын болашақта, меніңше бір-екі апта ішінде рубльдің де, теңгенің де долларға қатысты бағамның тұрақталғанын көреміз. Бұл өте маңызды деп білемін. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да тұрақталады, сол кезде ұзақ мерзімді болжам жасауға болады", — деді Мәсімов РИА Новости агенттігіне.

Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді.

"Бірінші фактор — мұнай бағасы. Екінші фактор  - бұл рубль бағамының тұрақты валюталарға қатынасы, өйткені біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз ", — деп атап өтті Мәсімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1021993-masimov-aldaghy-bir-eki-aptada-tenhge-ba.html