RU

Жастармен «селфилетуге» құмар сенатордың ұлы ОҚО-да әкім болып тағайындалды (фото)

Ерлан Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Қуанышұлы жаңа қызметке дейін ОҚО әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. Ол сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың ұлы.

Ерлан Айтаханов 1971 жылы туылған. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисті болып бастаған. Содан бері талай лауазымды қызметтерді атқарған ол екі рет өңір басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Жаңа әкім «жастармен жиі селфилеткіш шенеунік» деген атқа да ие. Сонымен қатар Ерлан Қуанышұлы жастарды театрға көбірек бас сұғуға үгіттеп, тіпті өзі бірге баруға шақырған.

Суреттер Ерлан Айтахановтың Facebook парақшасынан алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022179-zhastarmen-selfiletuge-qumar-senat.html