RU

Зейнеткерлікке шыққан соң іші пысқан әжей 85 жасында ғылым докторы атанды

Мунира Хамза есімді мұсылман әйелі 85 жасында ғылым докторы атағына қол жеткізді деп хабарлайды muslim.kz.

Қартайғанына қарамастан ілім ізденуін тоқтатпаған әжей докторлық диссертациясын француз әдебиеті тақырыбында қорғаған.

Ол өзінің бұл жетістігі жайында: «Алла Тағала адамдарды бекерге жаратпаған. Адамдардың жаратылудағы мақсаты да олардың ілім жинап, белгілі бір биіктерді бағындыру деп білемін. Әзірге аяқ-қолым аман-сау тұрғанда, мен өзімнің ғылыми ізденістерімді жалғастыра беремін», – дейді.

Мунира өзінің бұл жетістігі үшін Тунис президенті Беджи Каид Эс-Себсидің қолынан марапат та алған. Қырық жыл бойы француз әдебиетінен ұстаздық еткен  ол зейнеткерлікке шыққанда не істерін білмей қалғанын айтады.

Алғашқыда жек меншік мектептерде қосымша берігенімен, кейіннен ол ғылым жолындағы жетістіктерін ары қарай дамытуды қолға алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022193-zeynetkerlikke-shyqqan-sonh-ishi-pysqan.html