RU

Кәрім Мәсімов Түркия премьер-министрімен жаһандық мәселелер туралы сөйлесті

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Түркия Республикасының премьер-министрі Ахмет Даутоғлымен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Түркия үкіметінің басшысы Ахмет Даутоғлы Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлемін жолдап, игі тілектерін жеткізді.

Қазақстан және Түркия үкіметі басшылары қазіргі экономикалық ахуалды жаһандық және жергілікті деңгейде талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мәсімов пен Даутоғлы өзара тауар айналымын ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін айтып өтіп, ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022232-karim-masimov-turkiya-premer-ministr.html