RU

Ақтауда маскүнем мүсін пайда болды (фото)

Ақтау жағалауында ерекше мүсін орнатылды. Ол ішімдікке сылқия тойып алып, аяғынан әзер тұрған адамның кескінін сипаттайды деп хабарлайды Астана арнасы.

Ер адам қолында ішімдік құйылған бөтелке бар. Туынды осындағы көңіл көтеру орындарына келушілерге ащы суға үйір болудың соңы осындай күйге жеткізетінін меңзейді.

Жаңа бейне қала тұрғындарының қызығушылығын арттырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022573-aqtauda-maskunem-musin-payda-boldy-fo.html