RU

Сальвадор билігі әйелдерден бала тумауды өтінді

Сальвадор билігі жергілікті әйелдерден бала тумауды өтінді. Мұндай мәлімдемені жасауға Зика безгегі себеп болған деп жазады  24.kz.

Бұл індет оған шалдыққан адамның өзіне қатерлі емес, алайда іштегі баланың бас сүйегі мен миын кішірейтуі мүмкін екен. Бұл вирус алғаш рет Угандада 1947 жылы пайда болып, кейін басқа африкалық елдерге тарала бастаған. Бүгінде Зика Оңтүстік Африкада кеңінен таралған.

Қауіпті вирус масалардан жұғады.

"Барлық әйелдерге өтініш айтқым келеді. Біздің кеңеске құлақ асқысы келсе, биыл және алдағы жылы өмірге сәби әкелуге тым асықпағаны жақсы. Мұндай жоспар аса сақтықты талап етеді. Себебі, жүкті кезінде вирус жұқтырып алатын болса, онда ол нәрестенің дамуына үлкен қатер төндіреді. Тіпті арты өлімге әкелуі мүмкін", - дейді Сальвадордың денсаулық сақтау министрінің орынбасары Антонио Эспиноса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022688-salvador-biligi-ayelderden-bala-tum.html