RU

Жамбыл облысында тікұшақ құлады

Жамбыл облысында 23 қаңтарда тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы ақпаратты Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады деп хабарлады Tengrinews сайты.

Апат сенбі күні Тұрар Рысқұлов атындағы аудандағы Садыхан қыстауынан үш шақырымдай жерде болған. Оқиға болған жерге дереу құтқарушылар тобы және медициналық жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат анықталған соң қосымша хабарланатын болады» деген Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған Ми-2 тікұшағы болуы мүмкін.

 

Қыстау маңына құлаған тікұшақ туралы бүгін таңертең шапандар хабарлаған.

Белгілі болғандай, құлау кезінде тікұшақ толықтай өртеніп кеткен. Өрт салдарынан тікұшақта болған адамдардың бірі 50% дене күйігін алған.

Зардап шеккен азамат Тараздың ауруханасына жеткізілді. Тікұшақ "Жаңа әлем" ЖШС әуекомпаниясына тиесілі.

Әлі нақтыланбаған ақпаратқа сәйкес, Үмбет ауылы маңында апатқа ұшыраған тікұшақ бортында экипаж мүшелерінен басқа, "Жаңа әлем0 әуе компаниясының жетекшісі болған. Экипаж мүшелерімен байланыс соңғы рет өткен сенбіде сағат 18.00 шамасында орнатылған болатын.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1022985-zhambyl-oblysynda-tikushaq-qulady.html