RU

Пьер Ришар Қырымға барудан бас тартты

Француз актері Пьер Ришар ақпанның 10-ы мен 11-інде өзінің қатысуымен «Пьер Ричард ІІІ» спектаклі қойылады деп жоспарланған Қырымға сапарынан бас тартты.

Бұл туралы «Новости» агенттігіне артистің Ресейдегі гастрольдерін ұйымдастырушылар хабарлаған. Актердің франциялық өкілдері сапардан бас тарту себебі жайлы кейінірек түсініктеме беретіндерін айтқан деп жазады Азаттық.

Симферополь мен Севастопольде Пьер Ришардың спектакльдері туралы жарнамалар ілінген. Бірақ француз актерінің ресми сайтында аннексияланған түбектегі қойылымдар жайлы ештеңе айтылмаған деп хабарлайды Азаттықтың Қырым редакциясы.

Бұған дейін Ресей 2014 жылы аннексиялап алған Қырымда концерт қоюдан италиялық әнші Алессандро Сафина бас тартқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023213-per-rishar-qyrymgha-barudan-bas-tartty.html