RU

Павлодарда балықшылар мінген джип Ертіске батып кетті

Павлодарда екі балықшы мінген джип көлігі Ертіс өзенінің үстімен жүріп келе жатқанында, ойыққа тап келіп, мұз астына кетіп қалды.

Бұл туралы «Обозрение недели» порталының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

«Салмағы бірнеше тонна болатын автомобиль өзінің ауқымы үлкендігінен су астына кеткен жоқ – бұл жердегі мұздың қалыңдығы 70 сантиметрден асатын. Егерьлердің айтуларынша, балықшылардың тек жолы болмаған, олар қардың қалыңдығынан өзен бойындағы ойықты байқамай қалған. Балыққа басқа жолмен барған да, қайтарда басқа жақпен қайтқан. Машина ішіндегі екі жігіт соңғы сәтте есікті ашып, сыртқа секіріп үлгерген», – делінген хабарламада.

Басылым Ертіс өзенінің Павлодар облысы аумағындағы бөлігінде мұз үстіндегі өткел-күзерлердің қаңтардан жұмыс жасай бастағанын жазады.

Бірақ, егерьлердің айтуларынша, жұрттың көбі арғы бетке өтерде жолды қысқарту үшін олардың орына төтелеп өте салғанды жөн көріп тұрады. Бұған қоса, қысқы балық аулауды ұнататын балықшылар көп жағдайда техника қауіпсіздігін сақтай бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023260-pavlodarda-balyqshylar-mingen-dzhip-er.html