RU

Волгоградта қошқар өзін сатпақ болған адамды атып жіберді

Волгоградта бір қошқар өзін сатпақшы болып алып бара жатқан адамды мылтықпен атып алды.

Бұл туралы ras.kz сайты хабарлайды.

Оқыс оқиға 21 қаңтар күні қаланың Киров ауданында болған.

Мылтықтың оғынан ауыр жарақат алып қалған ер кісі Сарпинский аралындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шегушінің бел омыртқасына оқ тигенін айтып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ер кісінің өзі айтқандай, оқиға жеке көлігімен қошқарды сату үшін базарға алып бара жатқан кезінде болған. Артқы орындық жақта байлаулы жатқан жануар жолда қозағалақтай береді. Бір кезде ол жанында оқтаулы жатқан ТОЗ мылтығына тиіп кетеді. Сол кезде мылтық гүрс ете түседі…

Қазіргі таңда барлық жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұны мылтықты сақтықпен пайдаланбаудан болған оқиға санайды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023342-volgogradta-qoshqar-ozin-satatyn-adam.html