RU

Отандық шенеунік мәжіліс сайлауына қатысатын әйелдердің санын арттыруды ұсынды

20 наурыз күні өтетін мәжіліс сайлауына қатысатын әйелдердің саны артуы тиіс.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева айтты деп жазады Қамшы порталы.

«Тәуелсіздік алған күннен бастап әйелдер қауымы елбасы жүргізіп отырған реформаларға белсенді түрде қатысуда. Әсіресе, қазіргі кезде нәзік жандылар көптеп бизнеске бет бұруда. Бүгінде әлемдегі дағдарысқа қарамастан, жаңа мүмкіндіктер арқылы шағын және орта бизнесті жетілдіруде бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар әйелдер үшін барлық деңгейдегі мәслихаттардың және парламенттік сайлауға қатысу - өзінің әлеуетін көрсетуге бірегей мүмкіндік. Яғни, бұл тұрғыда нәзік жандылар қоғамдық, саяси әлеуетін көрсетіп, мемлекет өмірінде өзінің белсенділігі арқылы елдің дамуына үлес қоса алады», - деді Сәрсембаева.

Осы орайда ол алдағы сайлауда парламенттегі әйелдердің үлесі арта түсетініне сенім білдірді.

«Бұл бағытта президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия тарапынан комиссияның аудандық, облыстық хатшыларымен бірлесе ауқымды жұмыстар жүргізілді. «Саясаткер әйелдер клубы» құрылып, іскер және үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызмет қатарынынан белсенді әрі елдің болашағына бей-жай қарамайтын әйелдерден сапалы құрам қалыптастырылды», - деді Раушан Сәрсембаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023356-aldaghy-mazhilis-saylauyna-qatysatyn.html