RU

Талдықорғанда канализация құбырынан нәрестенің денесі табылды (фото 18+)

Алматы облыстық ауруханасының қызметкері талдықорғандағы канализациядан нәрестенің өлі денесін тауып алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Канализация құбырын тазалап жүрген жергілікті сантехник қоқыспен бірге қыз баланың денесін алып шыққан.

Ер адам дереу полицейлерге хабар береді. Алматы облыстық ІІД аталған ақпаратты растап отыр.

«4-5 айлық қыз баланың денесі табылғаны рас. Бұл түсік тастаған кездегі материал болуы мүмкін», - деді олар.

Аталған жағдайда байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023539-taldyqorghanda-kanalizaciya-qubyrynan.html