RU

Қазақстан мұсылмандар одағы МС Сайлаубекті депутаттыққа ұсынды

Экс-сенатор Ғани Қасымовтың Илья Ильин мен Серік Сәпиевті депутат ретінде көргісі келетін бастамасына қолдау көрсеткен «Қазақстан мұсылмандар одағы» алда өтетіп парламент сайлауына өз ұсыныстарын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ  ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан мұсылмандар одағы» депутаттық мандат атақты боксшы Геннадий Головкин, велошабандоз Александ Винокуров, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, шахматшы Жансая Әбдімәлік және хоккейші Дамир Рыспаевқа да берілуі тиіс деп есептейді.

Сонымен қатар, әлемдік дағдарысты еңсеру үшін парламентте шетелдің танымал қайраткерлері мен спортшыларына да орын болған жөн. Атап өтер болсақ, ережесіз жекпе-жектен Ресей чемпионы Федор Емельяненко, боксшылар Флойд Мэйвезер мен Мэни Пакьяо, танымал футболшылар Криштиану Роналду, Неймар, Суарес және Леонель Мессилер де үміткерлер қатарына қосылуы мүмкін.

Сондай-ақ, парламенттің болашақтағы құрамына мәдениет саласынан рэпер Сайлаубек, әнші Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Қайрат Түнтеков, Ділназ Ахмадиева, «Кешью» тобы ұсынылды.

Ал, шетелдік әртістерден ҚМО Филип Киркоров, Сильвестр Сталоне, Алла Пугачева, Жерар Депардье, Андреано Челентано, Роберт Дениро, Ален Делон, Жан Поль Бельмондо, Мадонна, Шварценегер және көрейлік әнші PSY-ді ұсынды.

«Қазақстан мұсылмандар одағы» аты аталған азаматтар мәжіліс құрамына енер болса, қазақ парламентін ел іші ғана емес әлем жақсы танитын еді деген пайымда. Сондай-ақ танымал тұлғалардың арқасында парламенттің аты ғана шықпайды, мемлекеттік маңызды мәселелерде жақсы шешіледі деген үмітте.

Естеріңзіге сала кетсек, 19 қаңтар күні экс-сенатор Ғани Қасымов әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына мәжілістен спортшы-депутат ретінде Серік Сәпиев пен Илья Ильинді көргісі келетінін жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1023553-qazaqstan-musylmandar-odaghy-ms-sayla.html