Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығын тойлауға бюджеттен қаржы бөлінбейтін болды

Опубликовано:

2016 жылдың 5 наурызында  қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның өмірге келгеніне  150 жыл толады. Айтулы дата ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.

Мұндай шешім ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында мақұлданды. Алайда Ұлт көсемінің 150 жылдығын қазақ елінде атап өтуге бюджеттен көк тиын бөлінбеген деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Ақжол» деморкратиялық партиясының ресми сайтына сүйене отырып.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛҒА ҮКІМЕТ ЖАУАБЫ:

- Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы 2016 жылы республикалық деңгейде кеңінен атап өтіледі. Қазіргі уақытта қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылғы мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көзделмеген. Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетін болады. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрудың орынсыз екенін хабарлаймыз. Әлихан Бөкейхановтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемлекеттік органдарға тарихи тұлғаның мерейтойы құрметіне БАҚ-тарда кеңінен жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізуге тапсырма берілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қазан айында экс депутат Азат Перуашев мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовке «Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізуіміз керек» деген тақырыпта депутаттық сауал жолдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1023678-alikhan-bokeykhanovtynh-150-zhyldyghyn-toyla/

pixel