RU

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған МИ-2 ұшқышы көмек шақыру үшін 5 шақырым жаяу жүрген

МИ-2 тікұшағынан құлаған ұшқыш Валерий Михин көмек шақыру үшін бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған, деп хабарлады Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

23 қаңтарда сағат 20.08-де "112" нөміріне Тұрар Рысқұлов атындағы аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен, онда ол «Садыхан» қыстағынан 3 шақырым жерде тікұшақтың құлағанын көргенін айтты. Оқиға орнына Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы аудан ТЖ және ішкі істер бөлімдерінің бөлімшелері, "Луговое" медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы шұғыл жіберілді. Апат аудан орталығынан 100 шақырым, Тараздан 220 шақырым жерде орын алды. Күн қараңғы, жол жоқ болғандықтан іздеу жұмыстары қиынға соқты. МИ-2 тікұшағы құлаған жерден зардап шеккендер табылмады. Кейіннен екінші дәрежелі күйік алған ұшқышты куәгерлер Тараздың №1 ауруханасына жеткізгені белгілі болды.

"Ауру Михин Валерий Михайлович Тараз қалалық №2 ауруханаға 24 қаңтарда 11.45 шамасында жеткізілген. Өзінің айтуынша, 23 қаңтарда 18 сағатта тікұшақ апаты кезінде жарақаттанған. Ауада қозғалтқыш өртенген. Жерге қонған соң өз бетімен тікұшақты сөндіре бастаған. Бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған. Көмек келген соң №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. №2 ауруханаға 24 қаңтарда жеткізілді", — деп хабарлады басқармадан.

Зардап шегуші бет, бас, екі аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ деңгейдегі термикалық күйігімен, ІІ деңгейдегі шокпен, ІІ деңгейдегі тыныс жолдарының күйігімен түскен.

"Жалпы жағдайы ауыр. Есін біледі. 25 қаңтарда 9 сағатта барлық маман шоғырланып тексерді, қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр", — деп атап өтті басқармадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024103-zhambyl-oblysynda-apatqa-ushyraghan-mi-2-u.html