RU

Белгілі әншінің продюсері Қазақстанда жұлдыз болу үшін қанша қаражат керек екенін ашып айтты

Танымал әнші Luina-ның продюсері Жомарт Сүлейменов stan.kz порталына берген сұхбатында Қазақстанда жұлдыз болуға қанша қаражат керек екенін айтты деп жазады baistars.kz.

Продюсер әншіні атақты ету үшін жарты миллион доллар инвестиция мен екі жыл уақыт қажет дейді. Алайда бұл сандар доллардың ескі бағамына сәйкес, қазіргі кезде доллардың 400 теңгеге дейін шарықтағанын ескерсек, ұсыныс шарттары біршама өзгерген.

Сонымен қатар, продюсер шарттардың Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінің барлығында өзгергенін айтты. Алайда, көптеген қазақстандық әртістер халықаралық аренаға шығуға асықпайтынын тілге тиек етті.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде әртістеріміздің бірегейі ғана халықаралық сахнаға шыға алды. Бірақ бұл ешкімнің онда талпынбағанынан. Себебі ішкі нарық пен жергілікті жұлдыздар көбірек бағаланады», — деді продюсер.

Әншіні Қазақстанда танымал ету үшін продюсердің айтуынша 17 млн қаржы керек. Басты шығын 12-13 әннен тұратын студиялық альбомды жазу үшін кетеді. Оған шамамен $100 мың қажет. Бұдан өзге, арасына 3 ай салып, жылына 4-5 бейнебаян түсіру керек болады. Бірақ мұның бюджеті нақты емес. Бұл тапсырыс берушінің жеке талабына сәйкес жүргізіледі. Шамамен $80 мың әншінің атын таныта түсуге жұмсалады. Оның имиджін қалыптастыруға $50 мың қажет болады. Сонымен қатар вокал мен оны алып жүру деген сияқты ұсақ-түйектер тағы бар. Егер бәрі сәтті болса, әртіс нарықта сұранысқа ие болса, құйылған инвестицияларды бір жылда өндіріп алуға болады.

Сонымен қатар, продюсердің пікірінше әртістің танымал болу-болмауы оның тағдырына тікелей байланысты.

«Бізде аспаннан түскен жұлдыздар баршылық. Ал шынын айтсақ, ең бастысы әнші тамаша дауыс иесі болуы керек» — деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024224-belgili-anshininh-prodyuseri-qazaqstan.html