RU

Алматы облысындағы тас жолда көлік апатынан 6 адам қаза тапты

Алматы облысындағы тас жолда екі шетел көлігінің соқтығысуы салдарынан 6 адам көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ескелді ауданында тіркелген, яғни Талдықорған-Текелі тас жолының 25 шақырымында Mazda Xedos пен Audi-100 көліктері соқтығысқан», - делінген дүйсенбідегі ведомство хабарында.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 6 адам көз жұмып, түрлі жарақат алған екі жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. ЖКО дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын-ала нұсқа бойынша, Mazda көлігінің 26 жасар  жүргізушісі көлік рөлін басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан көлікке соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024360-almaty-oblysyndaghy-tas-zholda-kolik-ap.html