RU

Ғаламторда «қатырылған шалбарлардың» суреті сәнге айналуда (фото)

АҚШ-қа үйіп-төгіп жауған қардан жұрт қатты қиналуда. Бірақ, табиғаттың осы бір тосын мінезінен әзілдеуге себеп тауып, қысқы ауа райыны сайқымазаққа айналдырғандар да бар деп жазады 24.kz.

Олар жуылып, сыртқа жайылған кезде қатып қалған шалбар, джинсілерді сол күйі суретке түсіріп, #FrozenPants (Қатырылған шалбарлар – ауд.) хэштегімен әлеуметтік желілерде жариялауда.

Жалпы барлығы Миннеаполис штатының тұрғыны Том Гроттингтен басталған екен. Бұл адам жуылған джинсілерді аязда қатырып алып, оны ауласына, одан қалды көшелерге қойып, көрші әйелдің көңілін аулаған. Мұны көрген өзге американдықтар да оның әрекетін қайталапты. Сөйтіп, ғаламторға түрлі қалыпта «қатырылған шалбарлардың» суретін жариялау сәні белең алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024441-ghalamtorda-qatyrylghan-shalbarlardynh.html