RU

Бір-бірінің шашын жұлып, төбелескен шымкенттік жүргізушілер жұмыстан қуылды

Шымкентте жол бойында төбелескен қоғамдық автобус жүргізушілерінің оғаш әрекеті әлеуметтік желіде жарияланып, жұрттың жағасын ұстатқан болатын.

Болжам бойынша оқиға сәрсенбі күні орын алған деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Бұл көріністе шағын автобустың тек жүргізушілері ғана емес, кондукторлары да төбелесіп, бір-бірінің шаштарын жұлған. Абырой болғанда ешкім аса ауыр дене жарақатын алмады. Анық болғандай, қос жүргізушінің бірі екіншісінен озып кетпек болыпты. Алайда жаяу жүргінші алдынан шығып қалғандықтан, бірден тоқтаған. Сол сәтте артта келе жатқан автобус соқтығысқан.

Аздап материалдық шығын келген. Осы сәттен соң төбелес орын алды. Бұл видео куәгер көлігінің бейнекамерасына жазылып қалған екен. Әзірге оқиғаға кімнің кінәлі екені анықталып жатыр. Ал қос жүргізуші жұмыстан қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024479-bir-birininh-shashyn-zhulyp-tobelesken-shy.html