RU

Швейцарияда Храпуновтың ұлы акционер болып табылатын компания банкроттықтың алдында тұр

Швейцарияда ҚР энергетика экс-министрі Виктор Храпуновтың баласы Ильяс акционер болып табылатын компания банкроттықтың алдында, деп хабарлады швейцариялық Thelocal.ch. басылымына сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«113 жыл бұрын салынған, Женева көліне қарап тұрған, бай клиенттерге арналған тамаша апартаменттері бар отельді қайта жабдықтау туралы жоба қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтап қалды. 15 мердігер 2,5 млн франк болатын шот төленбегені туралы сотқа шағымданғаны себепті Hôtel du Parc отелін қайта жабдықтау тоқтап қалды», - делінген жұма күнгі хабарда.

Бұл ретте ол жобамен Swiss Development Group (SDG) компаниясы айналысқаны айтылады.

«Женевалық Swiss Development Group (SDG) компаниясы Женева көлі мен Альпіге қарап тұрған 113 жылдық тарихы бар отельді 2008 жылы алды. Ол осы отельді 22 пәтерлік тұрғын үйге қайта жабдықтайтынын жариялады. Ал ондағы баға 4 млн-нан 23 млн франк аралығында ($3,94 млн $22,6 млн-ға дейін) болды, және онда «швейцария нарығындағы ең үлкен пентхаус» болатын болды. SDG акционарлерінің арасында Ильяс Храпунов та бар еді. Ол ақшаны жылыстатқандығы туралы қылмыстық іс фигуранты болған, қазақстандық бұрынғы министр Виктор Храпуновтың ұлы», - делінген мақалада.

Басылым мәліметтерінше, компания банкроттық процедурасын кейінге қалдыратындығын жариялады.

«Компанияны женевалық қаржыгер басқарады. Ол жоба тағдырына қатысты сауалдарға жауап бермеді. Компания болса, 21 қаңтарда өткен жиналыста банкроттық процедурасын кейінге қалдыратындығын қуаттады, және ол отель құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді», - делінген мақалада.

Хабарда айтылғандай, ол ғимаратты пайдалануға тапсыру 2012 жылға жоспарланған болатын, ал бірнеше сатып алушылар апартаменттерді сатып алу келісімшарттарына 2010 жылы-ақ қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024516-shveycariyada-khrapunovtynh-uly-akcione.html