Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыстың қақ ортасында оңтүстікте гүлдер құлпырып жатыр

Опубликовано:

Еліміздің басым аймағында қыс қаһарына мінсе Оңтүстік Қазақстанда гүлдер құлпырып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұрттың бау-бақшасында тек наурыздан соң гүлдейтін өсімдіктер қаулап шығуда.

Қала сыртында даланың жасыл желекке боялғаны былай тұрсын тұрғындардың бақшасында көктемдік гүлдер нәркес, раушангүл мен қызғалдақ өсіп жатыр. Ай басынан бері ауа райының жылы болғандығынан жалбыз бен ақжелкен секілді көкөністер де қылтиып шыға бастаған.

Тіпті, оңтүстік жұрты даладан саңырауқұлақ теріп мәз-мейрам. Көктемі ерте келген күнгейліктер күн суыса көкжелектен мүлдем айрылып қаламыз деп те үрейленіп жүр.

с

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1024844-qys-qaq-ortasynda-onhtustikte-gulder-q/

pixel