RU

Жас әртістер өзін жарнамалау үшін Роза Әлқожаның әнін ұрлап алған (видео)

Жуырда әлеуметтік желіде ән ұрлауға қатысты тағы да дау шықты.Ондағы бас кейіпкердің рөлінде өнер бәйгесіне кеше ғана қосылған «Әдемі-ай» тобы, деп жазады baistars.kz.

Бұл топ мүшелері беттері шірімкпестен белгілі сазгер, әнші Роза Әлқожаның төл туындысы «Сағыныш» әнін өздерінің төл туындысы етіп көрсетіп, көпшілік назарына аудио нұсқасын ұсынғаны сол-ақ екен, талғамы жоғары тыңдарман сынының астында қалды.

«Әдемі-ай» тобының қыздары «Сағыныш» әнінің авторы ретінде Жеңіс Паримбеков деп көрсеткенімен, ал сөзін еш өзгертпестен қалдырыпты.

Топ мүшелерінің айтуынша, олар бұл әннің Роза Әлқожаға тікелей қатысы бар екенін біле тұра, өнерге еш қатысы жоқ тараздық Жеңіс Паримбековке жаңа нұсқасын жаздыруға тапсырыс берген екен.

«Роза әпкенің әнінен хабарым болды. Ол жөнінде мен сазгерге алдын ала айтқан болатынмын. Жеңіс мырза осы әнге ұқсатып өз нұсқасын жіберді. Ал біз оны қабыл алдық. Шындығында ол кісінің өнерге еш қатысы жоқ», - деп әлеуметтік желі арқылы ақталғандай болды топ әншілері.

"Ақынның сөзіне бәрі ән жаза береді ғой. Алайда әнді абайлап ұрлаған жөн болар. Елдің қызығушылығын тудырмаймын деп мен сол даудан қашып едім. Бірақ жағдай ушыққаннан кейін араласуыма тура келді. Бір дуэт менің дәл осы әніме ұқсатып əн жаздырыпты. Елде ұят деген қалмады. Əн ұнаса сұрамай ма?! Берер едік қой. Ыңырсыған əн-сымақты көбейтпей!. Араларында әнді сәл созып ән қыла беретін болған. Соған қарағанда бұл топқа пиар ауадай қажет болғаны көрініп-ақ тұр. Мұнда Шерхан Мұратұлы бауырыма обал болды. Себебі ол бұл әнге 3 жыл бұрын клип те түсіргені белгілі. Негізінен мен ол әннің оранжировкасына да, орындалуына да араласқанмын", - деп назын білдірді Роза Әлқожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024896-zhas-artister-ozin-zharnamalau-ushin-roz.html