RU

Европол Еуропада ИМ-нің жаңа шабуылын күтуде

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өз күшін Еуропада терактілер ұйымдастыруға шоғырландыруда, деп мәлім етті дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында Еуропол басшысы Роб Уэйнрайт.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Ислам мемлекеті» деп аталатындар Еуропаға шабуыл жасау ниетінен тайған жоқ және оларда ондай мүмкіндіктері де бар. Әрине, ұлттық қауіпсіздік құрылымдары оларды болдырмаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруда», - деп Гаагада жаңа контртеррорлық орталықтың ашылуында айтқан Еуропол басшысының сөзін ВВС келтірген.

Уэйнрайттың айтуынша, Париждегі қараша айында болған шабуыл ИМ «бүкіл әлемде кең ауқымды террорлық шабуыл жасай алатынын» көрсетеді.

«ИМ жаңа шабуылдар дайындауда, оның ішінде Мумбаидегі теракті сияқты. Ол шабуылдар ЕО елдерінде, бірінші кезекте Францияда жасалады», - деп мәлім етті агенттік басшысы.

Еурополдағылар жихадшылардың көздейтіні азаматтық нысандар болуы мүмкін деп отыр. Р.Уэйнрайт түсіндіргендей, Париждегі теракті, ресейлік А-321 ұшағының бортындағы Мысыр аспанындағы жарылыс терроршыларды азаматтық нысандар қызықтырып отырғанын көрсетеді, себебі ондай шабуылдар баспасөз мен әлеуметтік желілерде кеңінен қызу талқыланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024964-evropol-europada-im-ninh-zhanha-shabuylyn.html