RU

Төреғали мен Еркенің суретін көрген жанкүйерлер қос әншіні әдемі жұпқа теңеді (фото)

"Алло" әнімен халықтың көзайымына айналған Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан тыңдарманның жүрегіне жол таба білді. Хит туындысының арқасында мерекелік кештерде жиі бас қосатын қос әртісті жұртшылық әдемі жұпқа теңеді.

Соңғы уақытта Төреғали мен Ерке үлкен сұранысқа ие "Алло" әнімен еліміздің өңірлерін аралап жүр. Сахнада бірге өнер көрсететін әншілерді қарапайым көрермен жарасымды жұпқа теңеді.

Әлеуметтік желіде жүктелген суреттің астына пікір қалдырушылардың дені көркіне көз тоятын әншілердің тартымдылығын сөз етіп, өзара дауласуда.

"Алла келбетті де, өнерді де берген !!! Ұзағынан болсын !!!", - деп жазады желі қолданушылары.

Әншілердің тыңдармандары шамасы жары туралы көп айта бермейтін Төреғалидің отбасылы адам екенін біле бермейтін болуы керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ осыдан бірер жыл бұрын танымал әншінің өз тойына киіп барған киімі көпшілікті таңқалдырғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1024980-toreghali-men-erkeninh-suretin-tamashal.html