RU

Марк Цукерберг түсі бірдей футболкаларының қайсысын киерін білмей жұрттан кеңес сұрады

Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг бала күтіміне байланысты алған демалысынан жұмысқа шықты деп хабарлайды 24.kz.

Жұмысқа кіріспес бұрын ол, ғаламторды пайдаланушы қауымнан «бірінші жұмыс күніне қандай футболканы кисем екен» деп кеңес сұрады. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазыпты.

«Бала күтімінен кейін алғашқы күн жұмысқа шығуым. Не кисем екен?», - деп толғаныпты Цукерберг.

Бір қызығы, ол жариялаған суреттегі футболкалардың барлығы бірдей болып шыққан. Осыны көрген жұрт оның «күрделі таңдауға тап келгенін» айтып қалжыңдапты. Сондай-ақ желіге кірушілер оны жұмысқа қайтып оралуымен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025152-mark-cukerberg-tusi-birdey-futbolkal.html