RU

Көпшілік ащы суға сылқия тойып алған, мейрімсіз ананың жазалануын талап етті

Әлеуметтік желіде тағы да бір шулы видео пайда болды. Жеткізген Сәдуақас есімді азамат Facebook -тағы жеке парақшасына «Алқаш ана» деген атпен бейне жазба жариялаған деп жазады NUR.KZ.

2 минуттық видео роликте 30-35 жастағы келіншектің аяғынан тұра алмай, ащы суға сылқия тойып алып, еңбектеп жүргені бейнеленген. Жанында бір ұлы мен қызы шырылдап жылап жүр. Балақайдың сөзінше, қолы қатты жарақат алғандықтан, ауруы шыдадпай барады. Бейнежазбаны түсірген бойжеткен, оның қолы сынған деп отыр.

Ал, мас әйел баласын дәрігерге апаруға жолға 100 теңгенің жоқтығын айтып, ұлын балағаттайды. Видеоны отбасыға көмек көрсетуге келген жас бойжеткен мен жігіт түсірген. Бейне жазбаны, аз уақытта мыңдаған адам көріп, барлығы бір ауыздан мейрімсіз ананы тауып, полицейлердің жазалауын талап етуде.

Тіпті, қызын аш, ұлының қолы сынған кезде көмек көрсетпей, «кет» деп үйден қуалаған әйелді ата-аналық құқығынан айыру керек дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025232-ashchy-sugha-sylqiya-toyyp-alyp-balalaryna.html