RU

«Шымбұлақта» жоғалған польшалық туристің мүрдесі табылды

«Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінде жоғалған польшалық туристің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Қамшы порталы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 қаңтар күні тауға кеткен туристтің жоғалғандығы туралы хабар 25 қаңтарда түскен.

«Іздестіру шаралары барысында жоғалған шетел азаматының мүрдесі Талғар шатқалының сол жақ беткейінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол суықтан үсіп өлуі мүмкін», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Туристі іздестіру жұмыстарына оның тауға шығатыны мен ондағы жол жүру бағытын ешкіммен келіспегендігі, тиісті орындарға хабарламауы да қиындық туғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025276-shymbulaqta-zhoghalghan-turistinh-murd.html