RU

Айзада Авлатарованы тауып алған Ұлттық ұлан офицері марапатталды

Із-түссіз жоғалған 20 жастағы студент қыз Айзада Авлатарованы тапқан Ұлттық ұлан сарбазы марапатталды. Ішкі істер министрлігінің арнайы жарлығымен Рустам Сердалинов мерзімінен бұрын аға лейтенант атанды.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Есте болса, 2015 жылдың 3 желтоқсанында Айзада Авлатарова Алматы облысынан колледжге бара жатқан жолда жоғалып кеткен еді. 1 аптаға созылған іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысқан болатын. Тіпті, шарасыз қалған ата-ана тәуіптердің көмегіне жүгінген. Алайда Айзаданы Ұлттық ұлан жауынгерлері тапты.

«Бұл әрбір азаматтың міндеті деп айтар едім. Сондықтан көмекке мұқтаж жанға көмектескенімді ерлік деп санамаймын. Уақытынан бұрын әскери шен бергеніне өте қуаныштымын. Біздің қолбасшымызға зор алғысымды білдіремін. Қуанышымда шек жоқ»,- деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командирі  Рустам Сердалинов.

Жоғалған қызды іздеуге Іле және Кербұлақ, Қарасай мен Жамбыл аудандары және Қапшағай қаласынан 350 тәртіп сақшысы жұмылдырылған.

Алайда кыз тек 10 қаңтар күні Қапшағай маңындағы саяжайда табылды. Қызды ұрлауға қатысы бар Игорь Токаревті тәртіп сақшыларына осы сарбаздар тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025530-ayzada-avlatarovany-tauyp-alghan-ultt.html