RU

Жамбыл облысында құлаған тікұшақта ВИП аңшылар болған

23 қаңтар күні Жамбыл облысына қарасты Рысқұлов ауданы маңында құлаған МИ-8 тік ұшағы құлаған еді. Қазір апаттан аман қалған ұшқыш жансақтауда жатса да оқиға кезінде жалғыз болғанын айтып, бой берер емес.

Ал, куәгерлер болса күлге айналған тікұшақтан 3 адамның секіріп шығып, тірі қалғанын алға тартуда. Осылайша оқиға күн сайын шиеленісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Время» газетіне сілтеме жасап.

Тілшілерге де ұшқыштың екі кештің арасында айдалада не істеп жүргені және тікұшақ ішінде жабайы шошқаның еті қайдан келгені  түсініксіз болып отыр.

«Тараз Жаңа Әлем» компаниясына тиеселі тікұшақты тізгіндеген Валерий Михайлович Михин денесінің 60 пайызы күйіп, ауыр жарақат алса да бірнеше шақырымды жаяу жүріп, жақын маңдағы қыстаққа жеткен. Артынша жергілікті тұрғындар жедел жәрдеммен ауруханаға апарып, өлімнен арашалап қалды. 62 жастағы Михин аталған компанияның негізін қалаушы және ұшқышы болған.

Журналистердің қарт ұшқыштың қараңғыда аспанда жалғыз қалықтап жүру себебі не деген сұрағына жергілікті прокуратурда, полиция да жауап бермейді. Куәгерлердің сөзін ескере отырып, Михиннің салон ішінде жалғыз болғанына сену қиын.

Басылымның сөзінше, бейресми ақпарат бойынша апатқа ұшыраған тікұшақта ұшқыш жалғыз емес, ВИП аңшылар болған. Және анау-мырнау емес жергілікті құзырлы органның басшыларының бірі. Оған дәлелдің бірі тікұшақтан табылған «Верту» маркасындағы ұялы телефон.

Егер, тергеушілер оқиғаның негізгі себебін тез анықтағылары келсе, байланыс операторларына хабарласып, телефон нөмірі кімге тиеселі және сол кеште кіммен сөйлескенін білу қиын емес дейді басылым қызметкерлері. Дегенмен де көпшіліктің көкейіндегі күмәнді сұрақты жою үшін тергеушілер жоғарыда қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап беру керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025658-zhambyl-oblysynda-qulaghan-tikushaqta-v.html