RU

Қытайлықтар 200 бас қой етінен жасалған кәуапты жеп қойды

Қытайдың Сычуань өлкесі Жяньяң қаласында бір уақытта 4000 адам қақталған қой етін жеп, Гиннесс рекордын орнатты.

Бұл туралы Теньшунь ақпараттық сайты мәлімдеді деп жазады 24.kz.

Шараны ұйымдастыруға әкелінген 200 бас қой етін 400 аспаз дайындаған және жергілікті 4000 тұрғынға кәуәптан дәм тату бұйырды.

Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын қытайлықтар үлкен қазанға күріш тамағын әзірлеген болатын. Бірақ талаптарға сай болмаған соң рекорд тіркелмеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025711-qytaylyqtar-200-bas-qoy-etinen-zhasalghan.html