RU

Шымкентте танымал депутат Аналар үйіне көмектесуден бас тартты

Шымкенттегі Аналар үйінің үйлестірушісі Оксана Браткова V шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Бахарам Абдукаримовқа өкпесі қара қазандай екенін жасыра алмады деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Айтуынша, жақынының қамқорынан айырылған аналарға пана болып табылатын мекеме қызметкері бір жарым жылдан бері кәсіпкер азаматтан көмек сұрап келеді. Тіпті басшылық ететін мекемесіне талай барып, депутат мырзамен жекелей жолығудың сәті түспегенін айтты.

Күзеттегілер көмек сұрап келген қызметкерді ішке кіргізбей жіберген. Оксана ханым халық қалаулысы жол салып қана қоймай, бейкүнә сәбилерге де назар аударса деген ниетте. Тым болмағанда өзі басшылық ететін өндіріс орнынан бір қап ұны жеткізіп берсе де соның өзі көмек болар еді дейді.

Аналар үйінің үйлестірушісі өз сөзінде дәл жалғызбасты аналарға материалдық жағынан қолдау көрсетуге келгенде ОҚО кәсіпкерлері сараңдық танытатын айтып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте жалғызбасты аналарға мекен болған екі орталық бар. Онда 30-дан астам ана сәбиімен бірге тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025803-shymkentte-tanymal-deputat-analar-uyi.html