RU

Хорватиялық мұсылман мәдениет министрі болып тағайындалды

Хорватия Мәдениет министрі қызметіне мұсылман тағайындалды деп хабарлайды Baq.kz.

«Пилар» журналының редакторы және Әлеуметтік ғылымдар институтының қызметкері Златко Хасанбегович осы лауазымға лайық деп танылған.

Ол дәстүрлі дін исламды ұстанушы ретінде Хорватия қоғамында белгілі тұлға. Сонымен қатар, елдегі 65 мыңнан асатын мұсылман қауымының қоғамдық-әлеуметтік ортасында белсенді қызмет етуімен де абыройлы жан.

Златко Хасанбегович Хорватиядағы мұсылман халқының өмірі туралы бірнеше кітаптардың авторы. Оның бұл қатарда «1878-1945 жж. Загребтегі мұсылмандар», «1929-1941 жж. Югославия мұсылман ұйымы» атты еңбектері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025840-khorvatiyalyq-musylman-madeniet-minis.html