RU

Ғалымдар өлімнен кейін өмір бар екенін дәлелдеді

Америкадағы Солтүстік Каролина университетінің профессоры Роберт Ланц табиғатта жалпы өлім деген нәрсенің жоқ деген ұйғарым жасады деп жазады egemen.kz.

Оқымысты бұл дүниеден кетіп, бақилық болғанымен, оның өмірі тоқтап қалмайтынын, тек басқа параллель әлемге кетіп қалатынын алға тартады.

«Адам, дін ойлап тапқандай, жұмаққа немесе тозаққа емес, тап осылай параллель дүниеге кетеді», – дейді ол. Өзекті жан өлгеннен кейін осында, ана жаққа кетіп бара жатып, «қайта тіріледі». Ланцтың пікірінше, адамның өмірі өсімдіктің тіршілік етуіне ұқсас келеді. Ол да өскін секілді алдымен солып қалады, артынан қайта көктейді. Бұдан туындайтын қорытынды біреу: өлім деген хикаяның соңы емес, ол – сана тіршілік етуінің жалғасы. Айтқандай, ғалымдар біздің сана-сезіміміздің тіпті де адам миының жемісі емес екенін де дәлелдеп шықты. Олар бұған ойлаудың осынау аса маңызды органы жоқ адамдар да бар екенін, бірақ олардың соған қарамастан, керемет тіршілік етіп жүргендерін айғақ етеді.

Профессор Роберт Ланц болса, өзінің теориясын биоцентризм көзқарасы тұрғысынан дәлелдейді. Былайша айтқанда, ол әлемнің күллі дінінің тіні – адам жанының өлмейтіні туралы қағидаттың ақиқат екеніне арқа сүйейді. Бұдан бұрын осындай параллель әлем бар екені, өлгеннен кейін біздің санамыздың солай қарай көшетіні туралы ілімді Құрама Штаттардағы Калифорния универститетінің ғалымдары ұсынып еді. Олардың теориясына сәйкес, бірқатар әлемде динозаврлар әлі де ерсілі-қарсылы шапқылап жүр, Американы еуропалықтар отарлаған жоқ, ал КСРО күні бүгінге дейін тарай қоймаған…

Айтқандай, Шотландиядағы Лох-Несс көлінің құбыжықтары, теңіз жыландары, жабайы адамдар – йети мен русалкалар сол қатар жатқан «дүниенің» жарқ етіп бір көрінетін бейнелері емес пе екен?! Ал Америка зерттеушілері микрочастицалардың екі немесе одан да көп әлемде бір тұста қатар өмір сүре беретіндерін, демек, олардың бір уақытта екі немесе одан да көп жерлерден көрінетіндері жөніндегі постулаттан туындаған тұжырымға келіп отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025949-ghalymdar-olimnen-keyin-omir-bar-ekeni.html