RU

Сиви Махмуди жарты миллионға алған көйлектерін болмашы бағаға сатып жіберді

Танымал әнші Сиви Махмуди өз гардеробындағы көйлектерінің жартысын сатып жіберді.

Бұл туралы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Әнші кішкентай балаларының тәрбиесінен босамай жүргенде, оның Алматыдағы дүкенінің саудасы тоқтап қалған. Жалдаған сатушыларды да сауданы жарытпаған соң, әнші ақшасын үнемдеу үшін дүкенін жауып тастауды жөн санапты.

Сиви өзінің ұзату тойына киген көйлегін де басқаларға септігін тигізсін деп сатып жіберген.

"Бұйырса, балаларым өсіп, шаруаларым реттелген соң дүкенімді қайтадан қолға аламын", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1025957-sivi-makhmudi-zharty-milliongha-alghan-ko.html