RU

Африкада пәктігі бар оқушы қыздарға ақы төленеді

ОАР-дағы Квазулу-Натал провинциясы Утхукела ауданының мэрі Даду Мазибуко пәктіктері сақталған 16 жастағы қыздарға шәкіртақы тағайындады.

Бұл туралы New York Post газеті дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

«Біз өздерінің пәктіктерін сақтап қалған және содан кейінгі үш жылға дейін сондай тұрмыс салтын ұстанатын қыздарға осылай алғысымызды білдіреміз. Оларға оқуларын бітіргендері жөнінде сертификат алғандарына дейін осылай етеміз», – деді Мазибуко.

Шенеунік әйелдің айтуынша, шәкіртақы алғылары келетін жас қыздар мезгіл-мезгіл дәрігерге тексеріліп тұруға келісім білдіретін құжатқа қол қоюлары тиіс.

Бастамаға қолдау білдірген қоғам қайраткерлері мұның халықтың дәстүрлі салт-санасын сақтап қалуға жақсы көмек беретінін және қыздарды сексуалдық жағынан дұрыс тәрбиелеуге әсер ететінін айтады. Мұның сондай-ақ әртүрлі жұқпалы жыныс ауруларынан сақ болуға да пайдасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026481-afrikada-paktigi-bar-oqushy-qyzdargha.html