RU

Елімізге әкелінген автокөліктердің жартысынан көбі - ескі көліктер

Соңғы 3 жылда Қазақстанға шет елден бір жарым миллионнан астам автокөлік әкелінген екен. Оның көбі – ескі көліктер деп жазады Хабар арнасының ресми сайты.

Сондықтан шетелдік көлік шығарушылар, импорттаушылар мен сырттан көлік алған жеке азаматтардың «ескі техниканы жою үшін» деп аталатын төлемақы құнын өсіру енгізіліп отыр. Бұл отандық автоөндірісті қолдап, экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді», – дейді сарапшылар.

"Ескі көліктерді жою үшін төлемақы енгізу қазіргі таңда өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Енді сырттан келетін көліктерге салынатын баж салығы төмен болады. Ал бұл отандық автоөндіріске қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан осы саладағы мыңдаған жұмыс орны мен мемлекет жұмсаған миллиондаған қаржыны осылайша қорғап отырмыз деп есептеймін", - дейді  экономикалық сарапшы  Денис Кривошеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026621-elimizge-akelingen-avtokolikterdinh.html